Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін порнографиялық видеодан көріп қалған ер азамат өзіне қол салды

Опубликовано:

Воронеж тұрғыны үшін неке адалдығы отбасылық қасіретке айналды. Ол жұбайының көзіне шөп салған сәтін видеодан көріп, өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы mk.ru басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Instagram

39 жастағы әйелге қатысты "Өз-өзіне қол жұмсау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Плохие новости 18+" тобында әйелдің екі еркекпен күйеуінің көзіне шөп салғаны жазылған. Әзірге бұл видеоны қандай мақсатпен түсіргені анықталған жоқ.

Белгілі болғандай, қайтыс болған ер азамат әйелінің бөтен еркектермен ойнас жасаған сәтін Ғаламтор беттерінен көрген.

Роликті тамашалағаннан кейін ол біраз уақыт бойы күйзеліске түсіп, кейін өз-өзіне қол салыпты.

Ер адамның денесі жеке үйдің сарайынан табылды.

Естеріңізге сала кетсек, жұбайымен тоғыз жыл бұрын отау құрған келіншек өз басындағы мәселесімен бөліскен болатын. Үшінші баласын дүниеге әкелгелі отырған әйел адам өз бақытын жоғалтып алғандай күйде жүргенін білдірген. Ол сүйіп қосылған күйеуі көзіне шөп салып, басқамен көңіл қосқанын жайып салды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1844068-jelin-pornografialyk-videodan-krip-kalgan-er-azamat-zine-kol-saldy/

pixel