Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте гитарамен ән салған полицейлер желіде хит болды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласындағы Арбатта гитарамен ән салған полицейлердің видеосы пайда болды. Көпшілік халық көңілін көтерген тәртіп сақшыларына оң пікірлерін жарыса жазып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадрлар: Әлеуметтік желі
Видеодан кадрлар: Әлеуметтік желі: Instagram

Аталған видеоны Нұрдәулет Тәңірберген есімді желі қолданушысы өз Facebook парақшасында жариялады.

"Шымкентте осындай жағдай",- деп жазды ол.

Видеода тәртіп сақшыларының бірі "Сіздердің құрметтеріңізге біздің Шымкент қаласының полциия қызметкерлері жақсы ән айтып берсін. Қабыл алыңыздар" дейді.

Артынша олардың бірі гитара тартып, "Сағыныш сазы" әнін орындай бастаса, жиналған көпшілік бірден ұялы телефондарын алып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өнерін таспалауға асықты.

Ал желі қолданушылары тәртіп сақшыларының халыққа жақын болу керек екенін айтып, ән айтқан полицейлерге алғысын жаудырып жатыр.

"Мұндай полицейлерді қалай сыйламайсың", "Әнді әдемі айтады екен, әртіс болу керек. Ұйымдасып, халықты қуанта беру қажет", "Көңіл-күйді көтерді, жарайсыңдар", "Керемет", "Барлығы шынайы, қуаныштымын" деп жазды олар.

Айта кетейік, күні кеше Қостанай облысында жаңа онлайн форматта облыстық ПД басшысы Бекет Аймағамбетов тұрғындарға есеп берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844076-symkentte-gitaramen-n-salgan-policejler-zelide-hit-boldy-video/

pixel