Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қиын жағдай": Аша Матай ажырасып кеткені жайлы қауесетке жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матай күйеуі Арман Қоңырбаевпен ажырасып кеткені жайлы қауесеттерге жауап берді. Жұлдызды жұптың қарым-қатынасы екінші қызы Айымның қырқынан шығару рәсімінен кейін қызу талқыға түскен. Аталмыш шара Ашаның төркінінде өтіп, онда Арманның анасы мен әпкесі келмеген болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр/Instagram/armankonyr. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram/armankonyr. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Аша Матай ел арасында тарап кеткен қауесеттерге нүкте қойып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

Сонымен қатар, тележүргізуші қызының қырқынан шығару рәсіміне қайынжұрты не себепті келмегені жайлы бар шындықты айтты.

"Бірден айта қояйын, бізде барлығы дұрыс. Кімнің не жазғанын білмеймн. Демек, біздің отбасымызды ұрыстырудың бір жолы деп ойлаймын. Сенбеңіздер, Аллаға шүкір барлығы жақсы. Ал, қайынжұртыма келетін болсақ, ол кісілерді шақырдық. Арманның туыстары белгілі бір себептерге байланысты келе алмады.
Келмеген бір жағдай болды. Бірақ, оның бізге қатысы жоқ. Біз хайп жасауға тырыспаймыз. Адамдар өздері хайп іздейді. Біз сол баяғы керемет отбасымыз. Өнерімізбен танылсақ, өмірімізге қолсұғушылық өте көп. Әрине, ол өте қиын жағдай. Дегенмен, бәрі дұрыс. Барлық көрермендерімізге айтарымыз осы" , - деп ақталды Аша Матай.

Айта кетейік, бұған дейін Аша Матай қызын қырқынан шығарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844077-kiyn-zagdaj-asa-mataj-azyrasyp-ketkeni-zajly-kauesetke-zauap-berdi/

pixel