RU

Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың қолынан марапат алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шыңжаңдық этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай АҚШ Мемлекеттік департаментінің бастамасымен ұйымдастырылған "Халықаралық батыр әйелдер" сыйлығының иегері болды. Әйелге марапатты Американың бірінші ханымы Мелания Трамп табыстаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың қолынан марапат алды

Видеодан кадр: instagram.com/usinkz

Этникалық қазақтың халықаралық марапатқа ие болғанын АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі хабарлады. Мекеме Instagram әлеуметтік желісінде жазба жариялаған.

Ведомствоның хабарламасында Сайрагүл өз құқығын қорғай білгені үшін марапатталғаны айтылды.

"АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық батыл әйелдер сыйлығына ие болған Сайрагүл Сауытбайды біз мақтан етеміз", - деді елшілік.

Айта кетсек, кеше Сайргүл Сауытбайдың есімі аталмыш марапат иелерінің тізімінде көрсетілгені хабарланды.

Естеріңізге сала кетсек, Шыңжаңнан келген этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай 2018 жылдың тамыз айында қазақ-қытай шекарасынан заңсыз өткені үшін кінәлі деп танылды. Ол өзін өлім жазасы күтетінін айтып, ҚХР-ға депортацияламауды өтініп сұрады.

Сот оны депортацияламай, қамаудан босатып, пробациялық бақылау тағайындаған.

Кейінірек этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай, елден кетуге мәжбүр болды.

Оның күйеуімен және балаларымен Швецияға ұшып кеткені анықталды.

Кейінірек Стокгольмде Сайрагүлдің қатысуымен халықаралық жиын өтіп, ол Қытайдағы "қайта тәрбиелеу лагері" деп аталатын түрмеге қалай тап болғанын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сайрагүл Сауытбай АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың қолынан марапат алды
Mailfire view pixel