Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Қытайдан жемістер әкелуді уақытша тоқтатты

Опубликовано:

Қазақстанда Қытайдан бірқатар мәдени өсімдікті әкелуге уақытша тыйым салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, аталған шараларды енгізу туралы шешімді мемлекеттік инспекция қабылдаған.

Ал тыйым салынғандар қатарына сүйекті, шекілдеуікті және цитрусты дақылдар енген.

Уақытша тыйымды енгізуге ҚХР- дан еліміздің аумағына әкелінетін өнімдерде карантиндік белгілердің жүйелі түрде анықталуы себеп болып отыр.

Қытайдың Бас кеден басқармасына қолданыстағы халықаралық фитосанитарлық талаптардың бұзылуы туралы тиісті нотификациялар жіберілді.

ҚР АШМ ақпарынша, нотификация жіберілген Қытайдағы уәкілетті орган қазақстандық тарап хабарламасын қарап, жауап қату шараларын күшейтуді шешті.

Осылайша, қытайлық әріптестер ҚХР аумағындағы жекелеген жеміс-жидек бақшаларында қажетті алдын алу шараларының болмауы себеп болып табылатын жүйелі бұзушылықтар бар екенін анықтады.

Ведомство өткен жылы қызметкерлер Қытайдан Қазақстанға карантинге жатқызылған өнімді тасымалдау кезінде 52 әр түрлі заңбұзушылықты анықтағанын еске салды.

Соған қарамастан, барлық жағдайда өнімдер кері қайтарылып, 27 хаттама бойынша айыппұл салынды. Олардың жалпы сомасы 2 млн теңгені құрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1844089-kazakstan-kytajdan-zemister-keludi-uakytsa-toktatty/

pixel