Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

8 наурызда мемлекеттік қызметте істейтін әйелдерге сыйлық беруге бола ма

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің астаналық департаменті мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бергені үшін ірі көлемде айыппұл, тіпті қылмыстық жаза барын ескертті. Бұл тақырып 8 наурыз бен Наурыз мерекесі қарсаңында өзекті болып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

қазақстандықтар
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Егер мемлекетік қызметкер сыйлық алса, онда оны бір апта ішінде Мемлекеттік қорға өткізуі керек. Олай болмаған жағдайда сыйлықты берушіні де, алуышыны да жаза күтіп тұр.

Құны 2 АЕК болатын сыйлық үшін жүз есе жоғары, яғни 200 АЕК айыппұл көзделген. Бұл жарты миллионнан астам теңгені құрайды. Ал сыйлықты алған адамға 600 АЕК, яғни бір жарым миллионнан астам теңге айыппұл салынуы мүмкін.

Егер сыйлық қымбатырақ болса, ол пара беру деп есептеліп, оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік қызметте істейтін әйелдерге гүл беру мәселесіне тоқталды. Мамандардың айтуынша, басшылыққа гүл берудің қажеті жоқ. Кез келген жағдайда сыйлықтың берілу мақсаты не екенін түсінген жөн.

Агенттіктің айтуынша, қызметі өзінікінен төмен әріптестерге, сондай-ақ ұжым атынан кез келген қызметкерге гүл беруге болады.

Еске сала кетсек, елімізде депутаттар мен судьяларға сыйлық беруге тыйым салынатыны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844092-8-nauryzda-memlekettik-kyzmette-istejtin-jederge-syjlyk-beruge-bola-ma/

pixel