RU

"Мағыналы еңбек етуге тырысамын": Әуезов театрына жаңа директор тағайындалды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына жаңа директор тағайындалды. "Әкемтеатр" басшылығына өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Еркін Жуасбек келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Еркін Жуасбек. Фото: facebook.com/auezov.teatry: Facebook

Бұл туралы Әуезов театрының ресми парақшасында белгілі болды.

Баспасөз қызметі Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов театр ұжымына министр Ақтоты Райымқұлованың арнайы бұйрығымен келіп, жаңа директорды тағайындағаны жөнінде хабарлады.

«Талай жыл қызмет етіп, осы жердің өсу-өркендеуіне атсалысып келе жатырсыз. Жалпы Қазақстанның театр өнері саласында еңбегіңіз орасан зор.

Соны министрлік өте жақсы бағалап, өзіңізге деген үлкен жауапкершілік, сенім артып, театрдың дамуына үлес қосады деген ниетпен сізді тағайындауды жөн деп санады.

Бұл лауазымнан көрі, артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр. Ұжыммен бірге жемісті қызмет етеріңізге сенеміз», – деп вице-министр жаңа басшыға министрлік тарапынан бірнеше тапсырма берді.
ааааа
Фото: facebook.com/auezov.teatry: Facebook

Ресми тағайындаудан кейін Асанәлі Әшімов сөз алып, жаңа басшының "өздерінде өсіп", қызметін адал атқарған азамат екенін тілге тиек етті.

Одан соң Әуезов театрына директор болып тағайындалған Еркін Жуасбек барша ұжымның алдында сөз сөйледі.

«Сіздермен қатарласа қызмет істеп, бар тәжірибем мен білімімді осы театрдың абыройын асқақтатуға саламын деген сөзіме сенулеріңізді сұраймын. Маған сенім білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға рахмет! Осыған дейін қалай жұмыс істесем, бұдан кейін де терең, мағыналы еңбек етуге тырысамын. Басқа айтарым жоқ», - деді Еркін Тілеуқұлұлы. ⠀

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Әуезов театрының ұжымы экс-директор Сәбит Әбдіхалықовты қимастықпен шығарып салып, ерекше құрмет-қошемет көрсеткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844094-magynaly-ebek-etuge-tyrysamyn-uezov-teatryna-zaa-direktor-tagajyndaldy.html