Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған тоқал бол": Отандық тележүргізушіге тікелей эфирде күтпеген ұсыныс түсті (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық арулар екінші әйел болуға тұрмыстың төмендігінен көндігеді және осы арқылы тек өзіне ғана емес, туыс-туғанына көмектесуді көздейді. Нарықта еңбек етуге бәсеке төмен бе, әлде айлық аз ба? Не себепті нәзік жандылар өз құқығын тежеуге мәжбүр? Қазіргі қазақ қоғамында өршіп тұрған бұл мәселе Basty Prime бағдарламасында көтерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадрлар: Еуразия бірінші арнасы
Видеодан кадрлар: Еуразия бірінші арнасы: Twitter

Жеңіл ақша табуды көздеген бойжеткендер бай-бағлан азаматтарды да аңдып, танысудың түрлі амалын жасауда. Тіпті, ғаламторға емін-еркін ашық хабарлама қалдырып, бір күндік ақысын да жазып қойған. Елордаға келген бойжеткендердің арасында жеңіл ақшаны табуды көздейтіндер көп.

Ал осы мәселені Еуразия бірінші арнасының тікелей эфирінде талқылаған меймандар күтпеген ұсыныс естиміз деп ойламаса керек. Себебі, олар бағдарлама тізгінін ұстаған Гүлназия Жалғасқызына тоқал болу жайлы ұсыныс айтылғанда таңданыстарын жасыра алмады.

"Гүлназия ханым, сізге хабарласып тұр едім. Желіге жазсам, жауап бермедіңіз. Сізбен қанша танысқым келіп, таныса алмай жүрмін. Мен сізді өзім тоқалдыққа алайын деп едім. Қалжыңдап тұрған жоқпын",- деген көрермен түйткілді мәселенің шешімін іздеп, халықтан өзекті сауал күтіп отырған тележүргізушінің өзін де ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Дегенмен еш саспаған Гүлназия Жалғасқызы бірден бағдарламаны жалғастырып кетті.

"Бізде мұндай да көрермендеріміз болып тұрады. Түсінікті. Өздеріңіз көріп отырсыздар, түрлі адамдар хабарласады",- деген ол тақырыпты басқа арнаға бұрып әкетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844102-magan-tokal-bol-otandyk-telezrgizusige-tikelej-efirde-ktpegen-synys-tsti-video/

pixel