Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам қайтыс болды деген ақпарат рас па

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екі адам көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Біртанов министрлік күн сайын қоғамды әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайы жайлы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын айтады. Соған қарамастан, кей азаматтар WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарламалар таратып, жұртшылық арасында дүрбелең туғызуды тоқтатар емес.

Соның бірі- Нұр-Сұлтан қаласында екі адамның аталған вирустан көз жұмғаны туралы жалған SMS.

Ал күні кеше халық Алматыда коронавирустан Қытай азаматтары емделіп жатыр деген қауесет таратқан еді.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты "Сақтықта қорлық жоқ" ұранын ұстанған Атырау облысында күллі әлем тойлайтын Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейтін болды. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді .

Ал оған дейін Маңғыстау облысында мәдени іс-шараларға шектеу қою туралы шешім қабылданған болатын. Өңірдің бас мемлекеттік дәрігерінің орынбасары Гүлнар Көркінбаева коронавирустың облыс аумағына енбеуі үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844127-nr-sltanda-koronavirustan-eki-adam-kajtys-boldy-degen-akparat-ras-pa/

pixel