RU

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы 101 жасында қайтыс болды

БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы, Перудің бұрынғы премьер-министрі Хавьер Перес де Куэльяр 101 жасында Лимада қайтыс болды. Бұл туралы Andina агенттігі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org.

ааааа
Фото: Centralasian.org: Facebook

Де Куэльяр 1940 жылы Перудің сыртқы істер министрлігінде жұмыс істей бастады, Перу делегациясы құрамында БҰҰ-ның алғашқы сессиясына қатысты. Швейцариядағы, КСРО-дағы, Польшадағы және Венесуэладағы елші қызметтерін атқарды.

1975 жылы ол бас хатшының Кипрдегі арнайы өкілі болып тағайындалды. БҰҰ бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары болды. 1981 жылы БҰҰ атынан Ауғанстандағы жағдайды реттеуге қатысты.

1982 жылы ол БҰҰ Бас хатшысы болып сайланды. Бұл қызметті ол 1991 жылға дейін атқарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844128-b-ny-bryngy-bas-hatsysy-101-zasynda-kajtys-boldy.html