RU

8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанға кіре алмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея рейстерін тек қазақстандықтар ғана пайдалана алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Қамалиев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Берік Қамалиев Сеул-Алматы, Сеул-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшуға тек қазақстандықтар жіберілетінін мәлімдеді.

8 наурыздан бастап бірінші санаттағы ел азаматтарының (коронавирус дерегі көп тіркелген мемлекеттер-ред) Қазақстанға кіруіне тыйым салынады. Бұл шара COVID-19 вирусын Қазақстанға кіргізбеу үшін қабылданып отыр.

Өз кезегінде еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Оңтүстік Корея қауіпті инфекция жұқтырғандар санының артуына байланысты Қытай мен Иранмен бірге қауіптілігі жоғары елдер қатарына кіргенін мәлімдеді.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екі адам көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Біртанов министрлік күн сайын қоғамды әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайы жайлы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын айтады. Соған қарамастан, кей азаматтар WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарламалар таратып, жұртшылық арасында дүрбелең туғызуды тоқтатар емес.

Соның бірі- Нұр-Сұлтан қаласында екі адамның аталған вирустан көз жұмғаны туралы жалған SMS.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
8 наурыздан бастап Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанға кіре алмайды
Mailfire view pixel