RU

Елімізде жаппай мерекелік шаралар неліктен өтпейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы жаппай мерекелік шараларды шектеуге не себеп болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елжан Біртанов мемлекетте жақын арадағы мейрам күндері мерекелік шаралар өтпейтінін растады.

Оның сөзінше, бұл тізімге түрлі конференциялар, спорттық және мәдени жиындар, сондай-ақ, шетелдіктердің қатысуымен өтетін шаралар еніп отыр.

Бұл Қазақстанға коронавирустық инфекцияның байқаусызда енуі мен тарауы мүмкіндігін жою үшін жасалуда. Шектеу шаралары барлығына, оның ішінде спортшылар мен әртістерге де қолданылады.

Аталған шешімді ел билігі кеше, 4 наурызда қабылдады.

"Саяхаттарды шектеу үшін, сыртқа көп шықпау үшін алдын-ала барлығына ескертіп жатырмыз", -деді министр.

Айта кетейік, коронавирусқа байланысты "Сақтықта қорлық жоқ" ұранын ұстанған Атырау облысындаХалықаралық әйелдер күні қарсаңында жоспарланған мерекелік іс-шаралар өткізілмейтін болды. Бұл туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді .

Ал оған дейін Маңғыстау облысында мәдени іс-шараларға шектеу қою туралы шешім қабылданған болатын. Өңірдің бас мемлекеттік дәрігерінің орынбасары Гүлнар Көркінбаева коронавирустың облыс аумағына енбеуі үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде жаппай мерекелік шаралар неліктен өтпейтін болды
Mailfire view pixel