RU

Ресейде тағы бір адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Ресей аумағында коронавирус жұқтырудың жаңа дерегі тіркелді. Бұл - Италия азаматы отырған ұшақ елге келген соң анықталған төртінші жағдай деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Күн өткен сайын әлемді жаулап жатқан қауіпті инфекцияны шетелдік азамат жұқтырған болып шықты. Жаңа дерек туралы РИА Новости хабарлады.

Басылым мәліметінше, ол Ресейге 29 ақпанда келген. Ал 2 наурыз күні өзін жайсыз сезіне бастаған. ЖРВИ белгілері мазалаған соң дәрігерге көрінген азаматтан жаңа вирус анықталған. Науқас ауруханада жеке оқшаулағышқа жатқызылды.

Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабта науқастың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлімдеді.

Осыған дейін Ресейде коронавирустың 3 жаңа дерегі тіркелді.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан екі адам көз жұмды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Біртанов министрлік күн сайын қоғамды әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайы жайлы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын айтады. Соған қарамастан, кей азаматтар WhatsApp мессенджері арқылы жалған хабарламалар таратып, жұртшылық арасында дүрбелең туғызуды тоқтатар емес.

Соның бірі- Нұр-Сұлтан қаласында екі адамның аталған вирустан көз жұмғаны туралы жалған SMS.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844150-resejde-tagy-bir-adamny-koronavirus-zktyrgany-anyktaldy.html