RU

ШҚО-да үш жасар бала әпкесін өртеп жіберді

Шығыс Қазақстан облысындағы Құндызды ауылында сіріңкемен ойнаған балалар қайғылы жағдайға тап бола жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixels
Көрнекі сурет: pixels: Depositphotos

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметі үш жасар бала әпкесін абайсызда өртеп жібіргенін мәлімдеді. Анықталғандай, 2011 мен 2017 жылғы бүлдіршіндер ата-ана қарауынсыз, үйде жалғыз болған. Үш жасар бала тауып алған сіріңкемен ойнап, оларды жаға бастаған.

Нәтижесінде оның әпкесінің киімі өртке оранады. Оны сөндіру үшін қыз бала бірден үстіне су төгіп жіберген. Ведомствоның хабарлауынша, бүлдіршін жедел жағдайда сасып қалмай, әрекет еткен.

Оқиға орын алғаннан кейін қыз бала "101" пультіне қоңырау шалып, төтенше жағдай туралы хабарлады.

ШҚО ТЖД мәлімдеуінше, аталмыш ауылға ең жақын өрт сөндіру бөлімшесі одан 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Кезекші бөлім өкілдері жергілікті әкімдікпен және бөлімшелік инспектормен хабарласып, оларға баладан түскен ақпаратты тексеріп беруін сұрады. Құзырлы органның айтуынша, көп жағдайда балалар жедел қызмет бөлімшелеріне жалған ақпарат жеткізіп тұрады.

Ауылдық әкімдік қызметкерлері мен жергілікті полиция өрт сөндірушілердің хабарламасын ала сала, қыз бала айтқан үйге аттанған. Бүлдіршіннің сөзі рас болып шықты. Оан қоса, оқиға орнына келіп жеткен билік өкілдері баланың зардап шеккенін жеткізді.

Қыз баланы Семейдің ауруханасына жатқызуға тура келді. Оның арқасын термилық күйік шалған. Абырой болғанда, қазіргі таңда бүлдіршіннің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

ТЖД ата-аналарға балаларын үйде жалғыз қалдырмауға кеңес беріп, бүлдіршіндердің отпен ойнауы қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін естен шығармауын сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844162-sko-da-s-zasar-bala-pkesin-rtep-ziberdi.html