RU

21 жастағы жігіт Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында жас шенеунік Асыл Алдаберген өңір басшысының штаттан тыс кеңесшісі болды. 21 жастағы жігіт әкіммен жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі бойынша жұмыс істейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жас қызметкердің тағайындалуы жөніндегі тиісті бұйрыққа өңір басшысы Өмірзақ Шүкеев қол қойды.

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі облыс басшысының жаңа кеңесшісі бар-жоғы 21 жаста екенін мәлімдеді.

Асыл Алдабергеннің мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі де бар болып шықты.

Бұған дейін ол Түркістан облысы бойынша жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің жобалық кеңесесінде қызмет атқарған.

Бірнеше ай бойы ол аталмыш жобалық кеңсе басшысының көмекшісі болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ бұрынғы бас хатшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан болатын.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда коронавирустан екі адам қайтыс болды деген ақпаратқа қатысты жауап берді. Министр бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.

Біртанов министрлік күн сайын қоғамды әлемдегі және елдегі коронавирус жағдайы жайлы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырғанын айтады

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
21 жастағы жігіт Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болды
Mailfire view pixel