RU

Медведев Қазақстанға Назарбаев және Тоқаевпен кездесу үшін келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының бұрынғы премьер-министрі, қазіргі уақыттағы Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанға келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дмитрий Медведев. Фото: Kremlin.ru

Дмитрий Медведев. Фото: Kremlin.ru

Дмитрий Анатольевич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовпен кездесуі керек, деп жазады РИА Новости.

Айта кету керек, Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы болып табылады.

Кездесулер бүгін,6 наурыз күні өтеді деп жоспарланған.

Медведевтің сапарының мақсаты - Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау екені айтылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дмитрий Медведев басшылық еткен Ресей үкіметінің отставкаға кеткенін хабарлаған болатынбыз.

16 қаңтарда ел президенті Владимир Путиннің жарлығымен Михаил Мишустин мемлекеттің жаңа прьемер-министрі болып тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Медведев Қазақстанға Назарбаев және Тоқаевпен кездесу үшін келді
Mailfire view pixel