Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)

Опубликовано:

Түркия парламентінде Сириядағы Идлиб провинциясында болған оқиғаларды талқылау кезінде депутаттар жаппай жаға жартысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Звезда" телеарнасына сілтеме жасап.

Түркияда депуттар жаға жыртысып, бір-біріне орындық лақтырды (видео)
Видеодан алынған кадрлар: Facebook

Оппозициялық фракциялардың бірінің басшысы президент Реджеп Тайып Ердоған туралы жағымсыз пікір айтқаннан кейін жанжал басталған.

Кадрларда көрсетілгендей, ондаған депутат шу көтеріп, қарсы тарапқа бас салыпты.

Ердоғанның халықаралық аренадағы, ең бастысы, Сирия бойынша жүргізген саясатына қатысты айтылған сын президентті жақтаушылардың шамына тисе керек.

Төбелес кезінде депутаттар бірін-бірі сүйрелеп, еденге құлатып, орындық лақтырған.

Айта кетерлігі, Идлибтегі жағдай 27 ақпанда күрт нашарлап, содырлар кең көлемде шабуыл жасай бастаған. Кейін Анкара мәлімдегендей, Сирия әскери күштерінің жасаған соққысы салдарынан 36 түрік сарбазы қаза тапты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін түркиялық жойғыш ұшақтар Сирияның әскери әуе күштеріне шабуыл жасаған болатын.

Аталған шабуыл туралы Сирияның SANA мемлекеттік агенттігі мәлім етті. Басылымның ақпарынша, оқиға 1 наурыз күні Идлибте жергілікті уақыт бойынша 13:25-те орын алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1844188-trkiada-deputtar-zaga-zyrtysyp-bir-birine-oryndyk-laktyrdy-video/

pixel