Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Аурудан жазылып, үйіне қайтарылған науқас қайтыс болды

Опубликовано:

Коронавирустан жазылған 36 жастағы науқас аталған дерттен көз жұмды. Қайғылы жағдай қауіпті індеттің ошағы болып саналатын Ухань қаласында орын алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

South China Morning Post мәліметінше, ер адам әлем жұртшылығын дүрліктірген індеттен жазылып, ауруханадан шыққан. Алайда, бірнеше күннен кейін коронавирустан қайтыс болды.

Бұл науқастың ауруханаға 12 ақпан күні жатқызылғаны хабарланған. Марқұмды COVID-19 сиптомдары жеңіл және орташа дәрежедегі науқастар емделіп жатқан медициналық мекемеге жібереді.

Ауруханада науқас 14 күн болып, содан кейін ер адамды карантинге тағы 2 аптаға жатқызған.

Марқұмның әйелінің айтуынша, күйеуінің жағдайы медициналық орталықтан шыққанан соң 2 күн өтпестен нашарлапты.

Ол 2 наурыз күні қатты әлсіреген. Өзін жайсыз сезінген ер адамды дәрігерлер қайтадан ауруханаға алып кетіпті.

Науқас сол күні медициналық мекемеде қайтыс болған.

Ухань денсаулық сақтау комиссиясы ер адамның қазасы туралы куәлікке COVID-19 өлімге әкеліп соқтырған деп жазыпты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.

Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844189-koronavirustan-bryn-zazylgan-naukas-atalgan-dertten-kajtys-boldy/

pixel