Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық кеңес мүшелері жалақы ала ма: Абаев жауап берді

Опубликовано:

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасының «Ашық диалог» бағдарламасында Қазақстан президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрылғанына жарты жыл өтпей-ақ не себепті құрамы өзгеріп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Дәурен Абаев. Фото: NUR.KZ: Original

Министр мемлекет басшысының жанынан құрылған Ұлттық кеңес құрамынан алты бірдей адам қандай себептермен шығарылғаны жөнінде жауап берді.

«Мен мұны айтарлықтай маңызды өзгеріс дей алмаймын. Ұлттық кеңестегі 44 адамның алтауы ғана ауысты.
Бұл қарапайым ғана жұмыс процесі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі - негізгі жұмыспен қатар жүретін қоғамдық жүктеме екенін түсінуіміз керек», - дейді Абаев.

Сонымен қатар, министр мырза қоғамдық сенім кеңесінің мүшелеріне осы қызметі үшін еңбекақы төленбейтінін де алға тартты.

«Бұл қызмет үшін жалақы төленбейді. Бұл жерге тек өз еріктерімен келеді. Сондықтан оны негізгі жұмыспен үйлестіру физикалық тұрғыда да өте қиын», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері ауысқаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келгенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1844193-lttyk-kees-mseleri-zalaky-ala-ma-abaev-zauap-berdi/

pixel