Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирусқа қарсы антисептиктерді қайдан және қаншаға алуға болады

Опубликовано:

Қолданғаннан кейін жуып тастауды қажет етпейтін антимикробты гельдер мен спрейлер қолданыста өте ыңғайлы. Олар коронавирус пен өзге де аурулардың алдын алуға септігін тигізеді. Нурфин журналистері мұндай өнімдерді қайдан сатып алуға болатынын және олардың қанша тұратынын анықтады.

Коронавирусқа қарсы антисептиктерді қай жерден және қаншаға алуға болады
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Естеріңізге сала кетейік, Динагуль Баешева KAZ.NUR.KZ журналистеріне коронавирустың өзге вирустардан ауыр екенін, сол себепті науқас адамдардың түшкіру мен жөтелі кезінде ол заттардың үстіне тарап, сол жерде қалып қоятынын айтқан болатын.

Бұл үстелдер немесе таяныштар болуы мүмкін. Егер оларды антисептикпен сүртпей, көз бен мұрныңызды ұстасаңыз, вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін.

Дәрігер вирустың ыстық су мен спирт ерітінділерінен қорқатынын, сондықтан заттарды сүртіп, қолды жақсылап жуған дұрыс екенін айтты.

Осы орайда біз антисептик өнімдердің қазақстандық дүкендер мен дәріханаларда қанша тұратынын анықтауға шешім қабылдадық.

Ол үшін біз желілік дәріханалар мен интернет-дүкендердегі ресми сайттардың көмегіне жүгіндік. Олар өз өнімін Алматы мен Қазақстанның өзге қалаларында іске асырады.

Біз 50 мл және одан да ірі мөлшердегі антисептиктерді қарадық.

Алайда, анықталғандай, 50 мл - микробқа қарсы спрейлер мен гельдер үшін ең көп тараған көлем екен. Оны үнемі өзіңізбен бірге алып жүруге болады.

Сол себепті, алдын ала бізге осы мөлшердегі өнімдердің жиі кездескенін айтып өткіміз келеді.

Олардың арасында қажетті жерді залалсыздандыруға мүмкіндік болатын сеппелі спрейлер де болды.

Сондай-ақ, тюбиктен сығып, шығаруға болатын гельдер де бар. Оларды жаққанан кейін сумен шаюдың қажеті жоқ.

Біз антисептиктердің бағасымен 2020 жылдың 5 наурызында таныстық.

Дәріханалардағы бағалары

"Europharma" дәріхана желісінің электронды каталогында біз қорапқа салынған микробқа қарсы 50 мл спрейді таптық. Олардың арасында иісі бар және иісі жоқтар да кездесті, бағасы 250-270 теңге. Антимикробты гелдің бағасы да осындай.

"Добрая аптека" интернет дәріханасында микробқа қарсы спрейлер мен гелдер барын анықтадық. Гельдердің бағасы 250 теңге, ал спреидің бағасы 270 теңге.

"Садыхан" әлеуметтік интернет дәріханасында біз дәл осы микробқа қарсы өнімдерді таптық. Спрейдің бағасы иісіне байланысты 250-255 теңге, ал иісі бар гель 240 теңге, иіссізі 300 теңге.

"Биосфера" желісінде гель мен спрейлер иісіне байланысты 290 теңге тұрады.

Бұл жерде біз мөлшері 90 мл сұйықтықты таптық. Спрейдің бағасы 370 теңге, ал гельдің бағасы 450 теңге.

Интернет-дүкендегі түрлері

"Galmart" дүкеніндегі тері күтіміне арналған өнімдерге арналған бөлмінде біз 50 мл көлемдегі микробқа қарсы спрейлерді 294 теңгеге таптық.

"Офис-Эксперт" интернет дүкенінде бұл гельдердің бағасы 310 теңге.

"Комфорт"дүкенінің электронды дүкенінде дәл осындай гель 399 теңге тұрады.

Кішігірім саудасы бар адамдар хабарландыру сайты арқылы 50 мл ең танымал спрейлерді 300 теңгеге сатып жатты.

Үлкен көлемдер

Микробқа қарсы құралдардың бағасының бірқалыпты болмауына байланысты келесі қулық кең танымалдыққа ие болуда : адамдар микробқа қарсы өнімдерді көп мөлшерде сатып алады, өздерімен бірге алып жүргенге ыңғайлы сеппесі бар шағын бөтелкеге қажетті мөлшерде өнімді құйып алады.

Әртүрлі шығарушы ұсынған мұндай сұйықтықтың бір литрден бес литрге дейінгі бағасы екі мыңнан бес мыңға дейін барады. 50 мл мөлшердегі бағасы 100-150 теңгені құрайды.

Өндірушілер вирустың таралуына байланысты төтенше жағдай кезінде бұл бағаны көтремейді деп сенеміз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1844196-koronaviruska-karsy-antiseptikterdi-kajdan-zne-kansaga-aluga-bolady/

pixel