RU

Француз депутаты коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр

Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты, саясаткер Жан-Люк Рейзер коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ер адам ауруханада емделуде деп жазады жергілікті басылым беттеріне сілтеме жасаған Lenta.ru

Алдын-ала мәлімет бойынша, саясаткердің жағдайы өте ауыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Коронавирус жұқтырған депутаттың жасы 68-де екені белгілі болды.

Одан бөлек, тек депутаттың ғана қауіпті індетті жұқтырмағаны анықталған.

Франция парламенті ғимаратындағы асхана жұмысшысынан да коронавирус табылды.

Ол карантинге өз үйіне жіберіліпті.

Басылымның мәліметінше, Францияда қазірдің өзінде COVID-19 сиптомынан 7 адам қайтыс болған.

Ел бойынша коронавирусты жұқтырғандардың саны 423 адамға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.

Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844199-francuz-deputaty-koronavirus-zktyryp-zansaktau-bliminde-zatyr.html