Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдарды құлдықта ұстап, қыздың тәнін сатқан қостанайлық экс-полицей сотталды

Опубликовано:

Қостанай облысында ер адамды шынжырға байлап ұстап, кейін өлтіріп тастаған мейрамхана басшысы сотталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Адамдарды құлдықта ұстап, қыздың тәнін сатқан қостанайлық экс-полицей сотталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыстық соттың баспасөз қызметінің ақпарынша, Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы «Караван» дәмханасының иесі 2016 жылдан бастап бірнеше адамды құлдықта ұстап келген.

Қатыгез басшы ер адамдарды тегін жұмыс істетіп қана қоймай, бойжеткеннің тәнін сатуға дейін барыпты.

Ең алғаш бұл жағдай туралы «Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк біліп, полицияға өтініш жазған.

«Дәмхана бастығы Тимур Алатаев жәбірленушілерді шынжырда байлап ұстап отырған. Лас қолдарымен қазаннан ас ішкені үшін 34 жастағы Иван Косюкті өлтіріп тастаған», - деген Косюк бар шындықты ашқан.

Одан соң іс қозғалып, сот алдында 3 адам жауап берді. Олар: 41 жастағы дәмхана басшысы Тимур Алатаев, Боровское ауылының тұрғындары Вячеслав Евдокимов пен Рамиль Абдулхаев.

Сотта айтылғандай, Тимур Алатаев бұрын полицияда қызмет еткен. Заң мамандығын тәмамдаған.

Сот үкімімен Тимур Алатаев 17 жылға, Вячеслав Евдокимов 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Ал Рамиль Абдулхаев 3 жылға сотталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844202-adamdardy-kldykta-stap-kyzdy-tnin-satkan-kostanajlyk-eks-policej-sottaldy/

pixel