RU

"Полицияны адастырмақ болдым": Көлігімен адам қаққан бизнесмен сотта бар шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағандыда ішімдік ішіп, бес көлікті соғып, бір адамды ажал құштырған Серікбол Сәрсеновке қатысты сот отырысы басталды. Алғашқы отырыста кәсіпкер өз кінәсін мойындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

"Полицияны адастырмақ болдым": Мас күйде көлікке отырып, адам қаққан жүргізуші сотта бар шындықты айтты

Фото: Видеодан кадр

Прокурордың сөзінше, Серікбол Сәрсенов тізгіндеген көлік "Лада" көлігіне соғылып, ішіндегі екі адамды жарақаттапты. Соққының салдарынан олардың біреуі көз жұмған.

"Көшедегі бейнекамераларға түскен видеоларды сараптай келе, "Лексус" көлігі жылдамдығының сағатына 117 шақырым болғаны анықталды. Ең алдымен ол "Лада" көлігін соққан. Қатты соққыдан көлікте отырған Шакуров пен Ситникова жарақат алды. Ауыр жараланған Ситникова екі аптадан соң ауруханада жан тапсырды", - деді прокурор Нұргүл Жахина.

Сотқа марқұмның туыстары мен бүлінген бес көліктің иелері және куәгерлер де келген.

Қарағандыдағы ірі диірменнің қожайыны Серікбол Сәрсенов сол күні тойдан шыққанын айтты. Мейрамханада 150 грамм арақ ішкенін де жасырмады.

"Мейрамханадан шыққан соң ізіме жол полициясының көлігі түсті. Машинаны тоқтатуымды сұрады. Ішкенім бар болғасын, тоқтамадым.
Республика даңғылынан солға бұрылып, аулалардың арасында адастырмақ болып қаштым. Алайда жол шетінде тұрған қара түсті "Ладаны" байқамай, соқтығыс болды. Арғы жағы есімде жоқ", - дейді сотталушы Серікбол Сәрсенов.

Айта кету керек, өткен жылдың 20 қазанында Сәрсенов тізгіндеген "Лексус"  жол жиегінде тұрған көліктерге соғылған еді. 

Полиция келгенде жүргізуші көліктен түспей қарсылық көрсеткен. Әкесіне араша түсіп полицейлерге тап берген оның екі ұлы да кейін әкімшілік жазаға тартылды.     

Дереккөз: КТК арнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Полицияны адастырмақ болдым": Көлігімен адам қаққан бизнесмен сотта бар шындықты айтты
Mailfire view pixel