Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бүлдіріп жатыр": Алматыда бір топ адам Nur Otan партиясына баса-көктеп кірді

Опубликовано:

Алматыда бір топ адам Nur Otan партиясының қалалық филиалына баса-көктеп кіріп, қоғамдық қабылдауға кедергі келтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: UGC

Телеарна мәліметінше, таңертең басталып кеткен қоғамдық қабылдау кабинетіндегі жұмысты сырттан баса-көктеп келгендер бұзған.

Ал кезекте тұрған қала тұрғындары ішке шу шығарғандардың базынасын түсіне алмағандарын білдірді.

"Менің түсінгенімше осы жерде айқай-шу көтеріп, елдің арасына наразылық туғызып, сенімсізділік туғызып, сондай үшін келген адамдар", - деді алматылық Нүрзия Қазыбекова.

Ол кезекте тұрып, көкейіндегі сауалды жолдау үшін партияның қоғамдық қабылдау кабинетіне арнайы келгенін жасырған жоқ.

Омарбек Шәріпұлы да баса көктеп келгендерге не керектігін түсіне алмайтынын ашына айтты.

"Келді де барлығын бүлдіріп жатыр ғой. Таң атпастан келгенбіз әлі қабылдауға кіре алмай жатырмыз", - деді ол.

Партия мүшелері наразылық білдіргендерді сабырға шақыратындарын жеткізді.

"Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіліп жатыр. Көргендей мына белсенді азаматтар бүгін келіп, қабылдауға кедергі жасады. Нақты сұрақтары жоқ", - деді "Nur Otan партиясы филиалы төрағасының орынбасары.

Телеарна мәліметінше, қоғамдық қабылдауға жұртты атышулы Әлнұр Ильяшев бастап келген

Сөйтсе наразы жұртты атышулы Әлнұр Ильяшев бастап келген. Айта кетейік, белсенді жыл басында "Nur Otan"- дықтарды өз партиясын құруға кедергі келтірді деп айыптаған болатын. Кейіннен бұл оқиға сотқа дейін барды.

Ә. Лесбек

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844214-bldirip-zatyr-almatyda-bir-top-adam-nur-otan-partiasyna-basa-kktep-kirdi/

pixel