RU

Коронавирус туралы Қытайдағы соңғы дерек: Бір тәулікте 30 адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдағы коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтер пайда болды. Аспан асты еліндегі инфекциядан көз жұмғандар саны 3050 адамға жетті. Соңғы тәулікте 30 адам жұқпалы аурудан қаза тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайда коронавирустың салдарынан бір тәулікте 30 адам көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Ресми ақпаратқа сәйкес, аспан асты елінде 80,5 мың жұқпалы ауруды жұқтыру жағдайы тіркелді.

53, 5 мың адам ауруды жеңіп, ауруханадан шықты.

Бүгінгі таңда жұқпалы ауру Қытайдағы 3042 адамның өліміне себепші болды.

Небәрі бір тәулікте аспан асты елінде COVID-19 вирусын жұқтырудың 143 жағдайы тіркелді.

Қытай бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау комитеті өткен тәуілікте ауруханадан 1038 адамның емделіп шыққанын айтты.

Атап өту керек, барлық кезеңде Уханьда коронавирус жұқтырудың 50 мың жағдайы тіркелді.

Жұқпалы аурумен ауыратындардың жартысынан көбі ауруды жеңіп шықты. Вирусты жұқтырудың 2328 жағдайда аурудың соңы өліммен аяқталған.

Оңтүстік Кореядағы жағдай ушығуда: мұнда 5 наурыз күні COVID-19 бес жүзден астам адамнан анықталды.

Елде жалпы 6,2 мың адам ауру жұқтырып, олардың 42-сі инфекциядан көз жұмды.

Ел билігі эпидемиологиялық қауіптің жоғарғы деңгейін енгізді. Барлық мектептер мен балабақшалардағы оқу жылы тоқтатылды.

Жұқпалы ауруды жұқтырудың көп бөлігі Тэгу мен Кенсан-Пукто провинциясында тіркелді.

Бүгін коронавирус анықталған мемлекеттер саны 85-ке өсті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытайдан тыс жерде коронавирусты жұқтырғандардың саны 12 мыңнан асқаны белгілі болды. Бір тәулік ішінде қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 2 мың адамға артты.

Онлайн-дайджестің мәліметі бойынша, 5 наурызда әлем бойынша қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 95 мыңнан асқан. Одан бөлек, 51 мың науқастың коронавирустан айыққаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус туралы Қытайдағы соңғы дерек: Бір тәулікте 30 адам көз жұмды
Mailfire view pixel