RU

Оңтүстік Кореядан келген 100 жолаушы Алматыда карантинге жатқызылды

Оңтүстік Кореядағы 34 мың қазақстандықтың арасында отанына оралғысы келетіндер бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Камалиев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Вице-министр бұл ұшақтар тек Қазақстан азаматтарын тасымалдауға арналғанын атап өтті.

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Кореядан келген азаматтың барлығы карантинге жатқызылғанын мәлім етті.

"Жалпы медициналық мекемелерге 100 адам (оның ішінде төртеуі бала) жеткізілді. Оқшауланған адамдардың бәрі де медициналық бақылауда. Карантин уақыты 14 күнге созылады. Осы уақытта карантиндеу орнын тастап кетуге болмайды. Режімді бұзған адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деді ведомство

Ал Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев карантинге жатқызылғандардың арасында ауру жұқтырған жолаушылар болмағанын айтты.

Еске сала кетсек, әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирусқа байланысты елімізде бірнеше әуе рейстері тоқтаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844218-otstik-koreadan-kelgen-100-zolausy-almatyda-karantinge-zatkyzyldy.html