RU

"Әйелі барлар сөз салады": Оң босағада отырып қалған 30 жастағы қыз сырын ақтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жасы 30-ға келсе де әлі күнге дейін біреудің босағасын аттап, келін атанбағанын айтқан ару жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, оған отбасылы ер азаматтар сөз салады екен деп жазады KAZ.NUR.KZ Алаш айнасына сілтеме жасап.

"Әйелі барлар сөз салады": Оң босағада отырып қалған ару сырын ақтарды

Көрнекі фото: pixabay.com

Кейіпкердің айтуынша, ол 30 жасқа дейін орта білім ғана алған, оған қоса мансабын да қолға алмаған екен.

"Жасым келгендіктен болар, отбасылы еркектер маған жүруге ұсыныс жасайтын болыпты.Тағдырым шығар, жасым 28-ге келсе де біреудің етегінен ұстау бақыты бұйырмапты.

Оқу оқып жүріп қалдым. Мансап қудым деп те айта алмаймын. Көптің бірімін. Қарапайыммын. Орта арнаулы ғана білімім бар.

Тұз-дәм көтермесе қыз бала қанша талпынса да пайдасы жоқ екен. 25-тен асқан соң ойлана бастадым. Себебі айналама қарасам қатар құрбыларым тұрмысқа шығып, алды екі-үш балалы болып жатыр.

Мен де ойланып жүргенімде, бала-шағасы барлар, ажырасқандар ұсыныс жасай бастады", - дейді ару.

Бала күнінде әкесінің анасына опасыздық жасайтынын біліп өскен ару өзіне сөз салған отбасылы азаматтардың бетін қайтаратын көрінеді.

"Жанұясы бар болса да сырттан жылу іздейтіндер қаншама. Әйелінің көзіне шөп салып, "әйелім біліп қоймасын" деп қашып-пысып жүретін ер адамдар ұнамайды. Маған әкем сияқты өр мінезді жігіттер ұнайды.

Әкем де кезінде өзгелермен жүрген, алайда анама айтатын. Анам ауыр болса да бәрін білетін, бәрін көтеретін.

Өйткені сырттағы әйелдердің табалай сыпсыңдағанынан өз аузымен айтқаны әлдеқандай жеңіл болатын шығар, қазіргілер сияқты ажырасамын деп аласұрғанын көрмеппін.

Бәріне сабырмен қарайтын. Содан да болар, жанұяның іргесі жырамапты. Алайда анамның әкем келмей қалған түндері күрсініп, ұйықтай алмай шығатынын сезуші едім. Ал таңертең бала-шағасына дым білдірмей шәйін беретін.

Соның бәрін көріп, өзіме ұсыныс жасайтын отбасылы ер азаматтардың ар жағындағы әйелін ойлаймын. Анам көз алдыма келеді. Содан да болар ер азаматқа ішім жылымайды", - деп ағынан жарылды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Келіншек күйеуінің опасыздығына төзіп жүрген құрбысына таңданғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әйелі барлар сөз салады": Оң босағада отырып қалған 30 жастағы қыз сырын ақтарды
Mailfire view pixel