RU

Мәскеудегі пәтерлердің бірінен танымал екі шахматшының денесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шахматтан Украина чемпионы Станислав Богданович пен оның құрбысы Александра Вернигордың денесі Мәскеудегі пәтерлердің бірінен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

чемпион

Александра Вернигор және Станислав Богданович. Фото: Mash

РИА ФАН басылымының жазуынша, алдын ала нұсқаға сәйкес, спортшылар "еліткіш газдан" уланып қайтыс болуы мүмкін.

Денелердің жанынан N2O ( азоттың шала тотығы) қоспасымен толтырылған шарлар табылғаны хабарланды.

Богдановичтің бірер күн бұрын желіде қысымға ұшырағаны белгілі болды. Жігіт одессиялық бола тұра, өз отандастарына қарсы матчта Ресейдің атынан шыққан.

"112" Telegram арнасының ақпарынша, Станислав 2013 жылы өз отанында чемпион атанған. 3 жыл бұрын гроссмейстер дәрежесін алған. Оның құрбысы Александра да кәсіби шахматшы. Оның ФИДЕ рейтингіне енгені айтылды. Бойжеткен халықаралық ұйымның рейтингінде 1861 қатарда тұр.

Марқұмдар 26 және 18 жаста болған.

"5 канал" дерегінше, қаза тапқандарды Александраның әкесі тауып алған. Қыз бен жігіттің бастарына пакет кигізіліп тұрғаны хабарланды.

Ал қайғылы жағдай орын алған пәтер Мәскеудегі Кастанаевский көшесінде екені айтылуда.

Марқұмдардың суретін "Mash" Telegram арнасы жариялады.

Еске сала кетсек, Ресейде танымал блогер Екатерина Диденконың туған күні қайғылы жағдаймен аяқталғаны хабарланды. 29 жасын тойлаған желі жұлдызының кешінде үш адам, оның ішінде күйеуі де қаза тапқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мәскеудегі пәтерлердің бірінен танымал екі шахматшының денесі табылды
Mailfire view pixel