RU

Үйсіз қалған "Гарант 24" және "ESTATE ломбард" салымшылары биліктен көмек сұрады

Семейдегі "Гарант 24" және "Estate" ломбардтарының салымшылары осы компаниялардан зардап шеккен басқа адамдарды іздестіріп, мемлекеттен көмек сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Коллаж: NUR.KZ. Фото: Sputnik / Абзал Калиев және КТК
Коллаж: NUR.KZ. Фото: Sputnik / Абзал Калиев және КТК: Depositphotos

Телеарна мәліметінше, ондаған қала тұрғыны ломбардтардың қызметіне шағымданған.

Олар "шаһарда 300-ге жуық адам қаржылық пирамидалардың құрбаны болды" деген пікірде.

Алданудың құрбаны болған Сапар Қабышева өз оқиғасын айтып берді.

Ол атышулы ломбардтардың салымшысы болғандығын, үйін сонда өткізуге тура келгенін жасырмады.

Әйел адам ұзақ уақыт бойы пәтерін сата алмағанын жасырған жоқ. Осы уақытталомбард қызметкерлері орта жолдан пайда болып, бұл тапсырманы тез арада орындаған. Алайда семейлік тұрғын соңында баспанасыз қалды.

Қабышева қазір жалдамалы пәтерде тұру керек екенін мойындады. Ол көптеген адамдар сияқты мемлекет көмегіне жүгінетін жасырған жоқ.

Семейлік тұрғын осының барлығына өзін кінәлайтынын білдірді.

Айта кетейік, қаладағы Жеңіс саябағына ломбардың құрбанына айналған 30-ға жуық салымшы жиналды. Олардың барлығы мемлекеттен ақшаларын қайтаруды сұрады.

Қалалықтар келтірілген шығын көлемі 245 миллионнан асатынын, осыған байланысты полицияға арыз жазғандарын білдірді.

Салымшылар шенеуніктер рұқсатын беріп, отандық жұлдыздар жарнамаға түскеннен кейін ломбард жұмысына сеніп қалғандарын жасырған жоқ.

Олардың айтуынша, көптеген адамдар ақшасыз, баспанасыз және көліксіз қалған.

Ломбардтар ісі бойынша қазіргі уақытта 16 адам қамауда отырғаны белгілі болды. Бір уақытта үш ұйымның қызметкерлеріне қатысты 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп, 9 күдікті іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының полиция қызметкерлері 22 ақпан күні "Гарант 24 Ломбард" пен "Estate Ломбард" филиал директорларын қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұстады.

Айта кету керек, "Гарант 24 Ломбард" филиалының директорлары Қазақстанның үш қаласында тұтқындалды.

Ал "Гаранттың" 27 жастағы иесі Аслан Мырзабеков 29 ақпан күні Кишинев қаласында ұсталды.

Сондай-ақ, әнші Айқын Төлепберген мен актер Асылхан мен Артур Төлеповтер "Гарант 24" жарнамасына түскені үшін халықтан кешірім сұрады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844264-jsiz-kalgan-garant-24-zne-estate-lombard-salymsylar-bilikten-kmek-srady.html