Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол қазақ": Жандос Айбасов өзін өзге ұлт өкіліне үйленді деп сөккендерге жауап берді

Опубликовано:

Отандық танымал актер Жандос Айбасов жеке өмірі аясында өрбіп жатқан қауесеттерге жауап берді. Өнер иесі желіде өзін өзге ұлт өкілінің қызымен отау құрды деп сынап жатқандарды орнына қойды. Кино саласының майталманы енді отбасы жайлы ешқандай мәлімет бермейтінін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "ShowNewsKZ" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/marinaaibassova/silver_925_na_zakaz/aiashka87. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/marinaaibassova/silver_925_na_zakaz/aiashka87. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жандос Айбасов сұхбаттарының бірінде сөзін бұрмалап жіберген тілшілерге өкпелеп, енді жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап бермеуге бекінген.

"Анымды , жанұямды, жанымда жүрген жұбайымды осындай сұхбаттарға айтқым келмейді. Өйткені бұл менің жеке өмірім. "Қашан той болады?" – деген секілді сұрақтарға жауап бергім келмейді", – деді актер.

Киножұлдыз ғаламтор кеңістігінде өзін басқа ұлт өкілінен қыз алғаны үшін сөккендер көп болғанын айтады. Жақында ғана отбасын құрған жас жұбайлар қызу талқыға түскен болатын.

"Сіздерге кім айтты орыс деп?  Бірақ ол қазақ қой. Руын білмеймін. Бұл менің жеке өмірім, бұндай сұрақтарды қоя бермеңіздерші. Өйткені былай қарасаңыздар менің жұмысымда болып жатқан жаңалықтар өте көп. Каскадер ретінде жұмыс істеп жатырмыз, кино түсіріп жатырмыз", – деп сұрақтан қашты Жандос Айбасов.

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Айбасов шаңырақ көтергенін жазған болатынбыз. Актердің таңдауы Марина есімді фотограф аруға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844276-ol-kazak-zandos-ajbasov-zin-zge-lt-kiline-jlendi-dep-skkenderge-zauap-berdi/

pixel