Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вирустан қорыққан қытайлық шаштараздар шашты жаңаша тәсілмен ала бастады

Опубликовано:

Қытайда белең алған коронавирустан қорғанудың түрлі тәсілдері шыға бастады. Мәселен, аспан асты елінің шаштараздары өздерін инфекциядан сақтау үшін қолдарын тигізбей-ақ клиенттің шашын алатын болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

шащтараз
Видеодан кадр: Facebook

Қытайдағы шаштараздардың бірінің жұмысшылары клиенттерге қызмет көрсете отырып, өздерін инфекциядан сақтаудың ерекше әдісін тапқан.

Шаш мамандарының видеосы ТАСС агенттігінің Facebook парақшасында жарық көрген.

Ролик кадрларында салон келушілері әдеттегідей орындықта отырғаны байқалады. Ал шаш шеберлері олардан бір метр алыста тұр.

Шаштараздар басына тарақ, щетка, қайшы, фен және механикалық ұстара ілінген таяқшаларды қолданған. Осының көмегімен олар шашты жуып, қиып, тіпті қол тигізбей-ақ сәндеп жатқаны анық көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін қытайлық сәулетшінің коронавирустан қорғану үшін "қапшық" ойлап тапқанын жазған едік.

Құрылғыға "Бэтмен бол" атауы берілген. Туынды жарқанат пішінде жасалған. Оны жолдорба секілді иыққа асып жүруге болады.

Сондай-ақ, қауіпті инфекцияны жұқтырмау үшін саясаткерлер дәстүрлі сәлемдесуден бас тартып, "аяқтарымен" амандаса бастаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1844285-virustan-korykkan-kytajlyk-sastarazdar-sasty-zaasa-tsilmen-ala-bastady-video/

pixel