Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ішінде 26 жолаушысы бар автобус аударылды (фото)

Опубликовано:

Павлодар облысында қала сыртындағы тас жолда жол апаты болды. Құтқарушылардың айтуынша, Екібастұз ауданында жолаушылар автобусы аударылып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

автобус
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Автобус ішінде 28 адам болған. Оның екеуі - тасымалдаушы фирманың жүргізушісі. Қалған 26 жолаушы - Өзбекстан азаматтары.

Өңірдегі ТЖД рөлде отырған жүргізушінің тізгінге ие бола алмай, салдарынан автобустың аударылғанын айтады.

Оқиға орнына дәрігерлер, полицейлер мен шенеуніктер жеткен. Ақ халаттылар барлық адамды қарап, ешкімнің зардап шекпегені анықталған.

автобус
Фото: Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі: UGC

Айта кетсек, жолаушылар Новосибирск қаласына бара жатқан. Автобус Шымкент қаласынан шыққан. Денсаулық жағдайларын тексерген соң жолаушылар өтіп бара жатқан автобустар мен көліктерге отырып кеткен.

Ал жүргізушілер автобусты тастамай, Қызылорда - Павлодар тас жолында қалып қойған.

Еске сала кетсек, 26 ақпанда Ақтөбе облысында 45 тәжікстандық мінген автобус апатқа ұшыраған еді. Жол тайғақ болғандықтан транспорттық көлік аударылып қалған.

Автобус Шымкенттен Екатеринбургке қарай бағыт алған. Салонда 48 адам болған. Оның үшеуі қазақстандық жүргізуші екен. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844291-pavlodar-oblysynda-isinde-26-zolausysy-bar-avtobus-audaryldy-foto/

pixel