Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдумен түскен тағы бір суретімен бөліскен Ерке Есмахан желіні жарды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан әйгілі Криштиану Роналдумен түскен кезекті фотосымен желіні жарды. Фотошопты шеберше қолданатын өнер иесі көпшілікті күлкіге қарық қылған. Ол португалиялық жұлдыздың қасына өзін ғана емес, ұлы Мүсілімді де қойып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/erke_esmahan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ерке Есмахан Instagram желісінде танымал аяқдопшының отбасымен түскен фотосын алып, өз ыңғайына келтіріп алған. Ол футбол жұлдызының сүйіктісі Джорджина Родригестің денесіне өз басын, ал ұлы кіші Криштиануға өз баласы Мүсілімнің басын қойып қойған.

"Кеше қыдырдық. Бұл жолы Роналдудың ұлын әжесіне тастап, Муслимді ерітіп шықтық!Муслимді білмейм, Криш екеуміз мәзбіз әйтеур! Өмір ғой" , - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының қулығын бірден байқап, оны әшкереледі. Ерке Есмаханның оқырмандары оның асқан тапқырлығына тәнті болып, күлкіге қарық қылғаны үшін алғысын жаудыруда.

"Қаладан қалаға ұшып жүргенің сол екен ғой" , "Қатырасыз сіз де, Роналду өзі хабардар ма екен?" , "Қалжыңды жақсы айтады екенсіз" , "Қиялыңыз мықты" , "Арманыңыз жаман емес" , "Күлкіден өлдім. Ерке қоймайсыз Роналдуға сезіміңізді білдіріп" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұл Ерке Есмаханның Роналдуға арнаған алғашқы жазбасы емес. Өнер иесі ұзақ уақыт бойы португалиялық ойыншыны жақсы көретінін ашық түрде айтып келеді. Бұған дейін ол фотошоптың көмегімен Роналдумен түскен фото жариялаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844295-ronaldumen-tsken-tagy-bir-suretimen-blisken-erke-esmahan-zelini-zardy-foto/

pixel