Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 16 баласы бар "батыр ана" құрметке бөленді (фото)

Опубликовано:

Өскеменде 16 бала тәрбиелеп отырған батыр ана Наталья Красильниковаға "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағы берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

өскемен
Фото: instagram.com/zhaksylyk_omar: Facebook

8 наурыз "Халықаралық әйелдер күні" қарсаңында қала әкімі Жақсылық Омар 16 бірдей баланы өсіріп отырған келіншекке "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағын берген.

Бұл туралы шаһар басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзі хабарлаған.

"Мереке қарсаңында 16 баланың анасы Наталья Красильниковаға "Өскемен қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. Адамға өмір сыйлаған ана әрқашан да жоғары марапаттарға лайық", - деп жазды қала әкімі.

Аталмыш жаңалықты көрген желі қолданушылары жарыса пікір жазды.

"Балалары неткен әдемі. Жарайсыз", " Өте керемет! Қаламыздың құрметті азаматшасы болуға міндетті! Қала əкіміне көп рахмет", "Аналарға көңіл бөлгеніңізге рахмет", "Үлкен құрметке лайық ана", "Осы ұлдар ертең ел қорғаны болады", - деді көпшілік.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда 15 баласы бар Павел және Татьяна Култышевтардың отбасы жайлы жазған едік. Көпбалалы отбасы бүгінде 16-шы сәбилерін күтіп жүр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844298-skemende-16-balasy-bar-batyr-ana-krmetke-blendi-foto/

pixel