RU

"Өмірімде бірінші рет көріп тұрмын": Босап қалған Қағба жұртты таңырқатты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сауд Арабиясында Мекке мен Мадина қалаларындағы мұсылмандар үшін қасиетті мешіт босап қалды. Ел билігі коронавирусқа байланысты шұғыл шаралар қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ islam.ru-ға сілтеме жасап.

Коронавирус салдарынан Меккедегі Қағбаның маңы босап қалды (видео)

Фото: islam.ru

Сауда Арабиясы Мекке мен Мадинадағы екі киелі мешітті коронавирустан қорғау үшін шұғыл шаралар қабылдаған. Шенеуніктердің айтуынша, жаңа ережелерге сәйкес, мешіттерді кешкі және таңертеңгі намаздардың арасында жабу керек.

Мекке қаласындағы Сафа және Марва таулары, сондай-ақ "Зәм-зәм" суының құдығы да уақытша карантинге жабылған.

Қазіргі уақытта тазалықшыларға Қағба маңын залалсыздандыруға мүмкіндік беру үшін Әл-Харам мешітінің ішкі бөлігі де жабылып тұр.

YouTube желісіне жарияланған видео мен әлеуметтік желілердегі суреттерден Қағбаның маңы бос тұрғанын байқауға болады. Бұл жнлі қолданушыларының арсында түрлі пікір туғызған.

"Барлығы Алланың қолында", "Бос Қағбаны өмірімде бірінші рет көріп отырмын", "Мұндай нәрсе болады деп ешқашан ойлаған жоқпын", "Алла өзіне сенетіндерді осы аурудан сақтасын", - деп жазды олар.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сауд Арабиясының билігі коронавирустың таралуына жол бермеу үшін елге кіруге уақытша тыйым салғанын хабарлаған едік. Әзірге мұсылмандар Мекке мен Мединаға барып, кіші қажылық жасай алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Өмірімде бірінші рет көріп тұрмын": Босап қалған Қағба жұртты таңырқатты (видео)
Mailfire view pixel