RU

Баласына жедел жәрдем шақырған тұрғын арнайы киіммен келген дәрігердің мұрнын сындырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу қаласының тұрғыны пневмония белгілері байқалған ұлына жедел жәрдем шақырып, арнайы қорғаныс киімдерімен келген дәрігерлерді ұрып тастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылым ақпаратына сәйкес, оқиға Ресей астанасының оңтүстік-шығысында болған. Жедел жәрдем қызметкерлерінің арнайы киіміне ашуланған азамат оларға шабуыл жасап, салдарынан 26 жастағы азамат зардап шеккен.

Оның мұрны сынып, ерні жыртылған. Сондай-ақ миы шайқалған. Ал екінші дәрігер жараланған жоқ.

Полицейлер шабуыл жасаған азаматқа қатысты тексеру жүргізіп жатыр, істің мән-жайы анықталуда.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 3050 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 30 адам жұқпалы аурудан қайтыс болған.

Елдің денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте ауруханадан 1038 адам емделіп шыққан.

Ал Оңтүстік Кореядағы жағдай ушығуда: Мұнда 5 наурыз күні COVID-19 бес жүзден аса адамнан анықталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей аумағында коронавирус жұқтырудың төртінші жағдайы тіркелгенін де хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Баласына жедел жәрдем шақырған тұрғын арнайы киіммен келген дәрігердің мұрнын сындырды
Mailfire view pixel