RU

Алкогольді ішімдіктің коронавируспен күресуге көмектесетіні рас па

Америкалық Tito's Handmade Vodka ішімдігін өндіруші өз Twitter парақшасында сусынды коронавирустан сақтану мақсатында қолды залалсыздандыру үшін пайдаланбауды сұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Осыған дейін Twitter қолданушыларының бірі аталған брендтің сусынын пайдалана отырып, бактерияға қарсы өнім жасағанын мәлімдеген еді. Осыған байланысты, компания ішімдіктің коронавируспен күресетін қауқары жоқ екенін түсіндіруге мәжбүр болды.

"Tito's Handmade Vodka сусынын пайдалану арқылы жасалған бұл құралдың иісі де жаман емес. Ішімдікке рахмет, мені микробтардан қорғап жүр және жақсы көңіл-күй сыйлайды", - деген еді желі қолданушысы.

Ал алкогольді сусын өндіруші залалсыздандырғыш құралда кем дегенде 60 пайыз спирт болу керек екенін хабарлады. Ал ішімдіктің тек 40 пайызы ғана спирт дейді компания өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор Динагүл Баешова коронавирустан қорғану жолдарын атаған еді.

Маманның айтуынша, ауруды жұқтырып алмаудың бірден бір тәсілі - жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Мәселен қолды жиі жуу қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844321-alkogoldi-isimdikti-koronaviruspen-kresuge-kmektesetini-ras-pa.html