Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің вирусолог-дәрігері коронавирус жұқтырмау үшін не істеу керектігін айтты

Опубликовано:

"Ұлттық сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің вирусолог-дәрігері Бота Бердиева коронавирустен қорғану бойынша бірқатар кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Бердиеваның сөзінше, коронавирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек.

"Себебі бұл вирус ауа тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады және иммунитеті төмен адамдардың, жүкті әйелдердің және қарттардың жұқтыру қаупі жоғары. Әсіресе, С дәрумендері бар апельсин, киви, итмұрынды көбірек тұтынып, теңіз өнімдерін ас мәзірінен шектей тұрған жөн", - дейді дәрігер.

Оның айтуынша, аурудың ең алғашқы белгілері – дене қызуы, жөтел, әлсіздік және демігу.

"Ең алдымен жеке бас гигиенасын сақтап, қолды жиі жуып тұру керек. Бөлмені жиі желдетіп, түшкіргенде қол орамал қолданған жөн. Ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық масканы пайдаланып, адам көп жиналған орындарға бармаңыз. Медициналық масканы тек қана жабық бөлмеде ғана тағу қажет, әрбір 2-3 сағат сайын ауыстырып отыру керек. Шетелдерге сапарды да кейінге қалдырған жөн", - дейді Бердиева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор Динагүл Баешова коронавирустан қорғану жолдарын атаған еді.

Маманның айтуынша, ауруды жұқтырып алмаудың бірден бір тәсілі - жеке бас гигиенасын қатаң сақтау. Мәселен қолды жиі жуу қажет.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844335-elimizdi-virusolog-drigeri-koronavirus-zktyrmau-sin-ne-isteu-kerektigin-ajtty/

pixel