RU

Әйгілі голливудтық жұп коронавирусқа байланысты үйлену тойын кейінге қалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық әнші Кэти Перри мен британиялық актер Орландо Блум коронавирусқа байланысты тойын кейінге қалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/woman_ru

Фото: instagram.com/woman_ru

Әййгілі жұп үйлену тойын Жапонияда жаздың басында жасамақ болған.

"Бәрі дайын еді. 150 қонақ шақырылған болатын. Кэти шіркеуге жүкті болып барамын ба деп қатты уайымдаған. Олар рәсімнің бүге-шүгесіне дейін дайындаған еді, бірақ коронавирусқа байланысты тоқтатуға мәжбүр болды", - дейді жұлдызды жұптың танысы.

Перри дүниеге сәби әкелуді жоспарлап жүргенін 5 наурыз күні хабарлады. Поп-орындаушы өз жүктілігін бейнебаянында көрсеткен еді. Артынша Twitter желісінде енді тыңдармандарынан ештеңе жасырмайтынын айтып, қуанған.

Айта кетейік, Кэти Перри мен Орландо Блум 2016 жылы танысқан болатын. 2019 жылдың ақпан айында әнші актермен атастырылғанын жеткізіп, күйеу жігітімен түскен суретті жариялаған.

Суретте үлкен неке сақинасы да байқалып тұрған еді.

Ал соңғы мәліметтерге сүйенсек, аспан асты елінде қауіпті коронавирустан көз жұмғандар саны 3050 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 30 адам жұқпалы аурудан қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі голливудтық жұп коронавирусқа байланысты үйлену тойын кейінге қалдырды
Mailfire view pixel