RU

Шымкентте 30 жастағы азаматты белгісіз біреу пышақтап кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

4 наурыздан 5 наурызға қараған түні Шымкент жедел медициналық жәрдем қызметіне Адырбеков көшесінде ер адамның қансырап жатқаны жайлы ақпарат түскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оқиға Адырбеков көшесіндегі "Фиркан" сауда орталығының маңында болған. Келіп жеткен жедел жәрдем зардап шеккен азаматты бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

"4 наурыздан 5 наурызға қараған түні жедел жәрдеммен 30 жастағы азамат жеткізілді. Ол мас күйінде геморрагикалық шок жағдайында болды. Оған ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімі жетекшісі Өткіржан Молдахан.

Полиция аталған фактіге байланысты қылмыстық іс қозғады. Тәртіп сақшылары пышақ жарақатын салған адамды іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, 3 наурыз күні таңғы сағат 11 шамасында "102" пультіне Үштаған ауылынан шамамен 3 шақырым жердегі құмнан белгісіз адамның қаңқасы табылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Белгісіз азаматтың тұлғасын және өлім себебін анықтау бойынша жедел жұмыстар атқарылуда. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деді ведомстводан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте 30 жастағы азаматты белгісіз біреу пышақтап кеткен
Mailfire view pixel