Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан миллион адам қайтыс болуы мүмкін: Ғалымдар болжам жасады

Опубликовано:

Коронавирустың таралуы максималды көрсеткішке жететін болса, әлемде қанша адам қайтыс болуы мүмкін? Бұл сұраққа Австралия ұлттық университеті ғалымдары жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images
Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images: Depositphotos

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, егер өлімге әкелетін дерт максималды дәрежеге жетсе, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін. Ал марқұмдар Қытай аумағында ғана емес, басқа елдерде де болуы ықтимал. Бұл жайында білім ордасының сайтында белгілі болды.

Мамандардың есебінше, ауру кеңінен таралар болса, 68 млн адам көз жұмуы мүмкін. Ал мұндай адам санын өлтіру үшін бір жыл да жеткілікті.

Ал жеке мемлекеттерге тоқталсақ, құрбандардың көбі Қытайда болады. Олардың саны 12 млн-нан асуы мүмкін. АҚШ пен Ресейде миллион адамнан қаза табуы ықтимал. Ал Еуропа елдерінде ажал құшқандар саны 100 мыңнан асады.

Өлімге әкелетін дерт салдарынан әлемдік экономикада да мәселе туындайды.

Зерттеуге сәйкес, өлім деңгейі 2 пайызды құраса, құрбандар саны 15 млн адам болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Үндістан мен Қытайда миллиондаған адам қайтыс болады. Еуропа елдерінде көрсеткіш 60-70 мың азаматты құрайды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сүйенсек, Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 3050 адамға жеткен. Соңғы тәулікте 30 адам жұқпалы аурудан көз жұмған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844341-koronavirustan-million-adam-kajtys-boluy-mmkin-galymdar-bolzam-zasady/

pixel