Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкин ұлымен түскен суретін жариялады

Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отбасымен "Диснейлендке" барып, суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Facebook

Белгілі қазақстандық боксшы, IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлеуметтік желіде тұңғыш ұлымен түскен суретін жариялады. Ол отбасымен АҚШ-тағы "Диснейлендке" барған.

"Отбасымен өткізген уақыт ең керемет", – деп жазды чемпион.

Танымал қазақстандық боксшы отбасымен бірге түскен суреттерін желіге өте сирек салады. Геннадийдің әйелі Алина Головкина екені белгілі. Олар 2007 жылы Қарағандыда отбасын құрған. Қазіргі уақытта Лос-Анджелес қаласында тұрады. Екі баласы бар.

Айта кетейік, отандық танымал әнші Ерке Есмахан әйгілі Криштиану Роналдумен түскен кезекті фотосымен желіні жарды. Фотошопты шеберше қолданатын өнер иесі көпшілікті күлкіге қарық қылған. Ол португалиялық жұлдыздың қасына өзін ғана емес, ұлы Мүсілімді де қойып қойған.

"Кеше қыдырдық. Бұл жолы Роналдудың ұлын әжесіне тастап, Муслимді ерітіп шықтық! Муслимді білмейм, Криш екеуміз мәзбіз әйтеур! Өмір ғой" , - деп жазды әнші.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844350-gennadij-golovkin-lymen-tsken-suretin-zarialady/

pixel