RU

СҚО-да 45 қылмыскер іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында биылғы екі айдың қорытындысы бойынша 45 қылмыскер іздестіріліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Оның тоғызы — пробациялық бақылауды бұзған.  Солардың бірі — 46 жастағы Петропавл тұрғыны. Оның ісі Солтүстік Қазақстан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасына қаңтар айында түсті.

Пробациялық бақылаудан жалтарған ол қаладан 100 шақырым жерде бой тасалаған. Шаруа қожалығында жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан сақшылар қашқындағы жігіт ағасын облыс орталығына жеткізді. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының басшысы Петр Климов ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарды іздеу — үздіксіз жалғасатынын айтты.

Жыл басынан былтырдан іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталған. Осы жұмыстарды күшейту үшін ақпанда облыс аумағында екі күндік жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілген еді. Сол кезде полицияға 200-ден астам адам жеткізілді. Олардың барлығы есепке алынып, қылмыстарды ашу үшін қажетті жедел ақпарат жиналды.

Айта кетейік, 3 наурыз күні таңғы сағат 11 шамасында "102" пультіне Үштаған ауылынан шамамен 3 шақырым жердегі құмнан белгісіз адамның қаңқасы табылғаны туралы қоңырау келіп түскен. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844352-sko-da-45-kylmysker-izdestirilip-zatyr.html