Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздық тұрғын өзінің тірі екенін 9 жылдан бері дәлелдей алмай жүр

Опубликовано:

Таразда тірі жанды өлді деп тіркеп тастаған. Қазір тұрғын жеке басын куәландыратын құжатында да ала алмай, не дәрігерге көріне алмай жүр. Тіпті қаладан аттап шыға алмай әлек. Тоғыз жыл бойы өзінің бар екенін дәлелдей алмай жүрген тараздық азамат жайлы KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марат Мейірханұлы. Кадр Астана арнасы
Марат Мейірханұлы. Кадр Астана арнасы: Depositphotos

55 жастағы Марат Мейірханұлы жеке куәлікке жарымай жүргеніне тоғыз жылдан асқан. Ол 2010 жылы мерзімі өткен құжатын ауыстыруға барған. Бірақ сол кезде куәлікті дер кезінде ауыстырмағаны үшін салынған айыппұлды төлеуге ақшасы болмапты. Оның үстіне тұрғылықты мекен-жайда тіркеуде жоқтығыда кедергі болған. Кейін қайта барғанда күтпеген жағдайға тап болған.

"Барсам өліп қалғансың дейді. Сонымен өліп қалғанда қалай өліп қалғам, мен тірі адаммын ғой. Дәлелдейтін әкем де ағам да бар. Бірақ та білмеймін, компьютерде 2012-де мені өліп қалды деп шығарған. Астанада балам бар, сол жаққа шақырып еді, шыға алмай отырмын еш жаққа. Қазір емханаға жатайын десем, емханаға да жатқызбай жатыр", - дейді Марат Мейірханұлы.

Құрманалиев сан жылдар бойы біреудің малын бағып, біреудің құрылысына жалданып жұмыс істеген. Сондықтан құжатқа аса мән бермегенін де жасырмады.

Ал жергілікті көші қон полициясы мен халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары тірі адамды еш құжатсыз өлгендердің тізіміне қалай қосқандарын түсіндіріп бере алмаған.

"Өлді санатына көшуін әлі алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. Қазіргі дәл осындай жағдайда болды деп мен сіздерге қазір айта алмаймын.  Қазіргі таңда бұл кісі бізге арыздануы керек, жазбаша түрде. Жазбаша түрде арыз түскеннен бастап, біз тексеру жұмыстарын жүргіземіз", - дейді қалалық полиция бөлімі көші қон қызмет бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы Арай Айымбек.

Жауаптылар 2011 жылы құжаттаманың жаппай электронды түрге көшуі кезінде қателіктер кетуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал құжат жүзінде бақилық болуы өзінен де бар дейді. Дегенмен қос мекеме басшылары енді бұл мәселемен жедел айналысып, жақын күндері шешіп береміз деп уәде етті.

Б. Жұмабайұлы

Еске сала кетейік, бұған дейін медициналық базадан өзінің өлілер қатарында екенін білген оралдық 22 жастағы бойжеткен туралы хабарлаған едік.

Дәл осындай жағдай Маңғыстау облысында да орын алған болатын. Жаңаөзен қаласының тұрғыны 2002 жылдан бері өлілер қатарына жатқызылған. Әйел адам өзінің өлілер тізіміне енгізілгенін 2016 жылы ғана білген. Содан бері осы тізімнен шығуға әрекет жасап жүргені белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844358-tarazdyk-trgyn-zini-tiri-ekenin-9-zyldan-beri-dleldej-almaj-zr/

pixel