Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Қытайда 3070 адамның өмірін жалмады

Опубликовано:

Соңғы 24 сағатта Қытайда коронавирустан 28 адам көз жұмған. Осылайша елде қатерлі дерттен қайтыс болған жалпы адам саны 3070-ке жеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

РИА Новости-дің ҚХР денсаулық сақтау комитетіне сілтеме жасап жазуынша, өткен тәулікте COVID-19 вирусы Қытайда тағы 99 адамнан анықталған, ал инфекциядан тағы 28 көз жұмған (Уханьда-21). Сонымен қатар 1678 аталмыш дерттен емделіп шыққан.

Сонымен жалпы алғанда коронавирус Қытайда 80 651 адамнан анықталып, 3070 тұрғын көз жұмған. 55 404 адам сауғып шығып ауруханадан үйлеріне оралса, жалпы науқастардың саны қазіргі таңда 22 177-ді құрап отыр (5489 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда).

Айта кетейік, бұған дейін жалпы алғанда әлем бойынша 100 мыңнан астам жанның коронавирусты жұқтырғаны, ал осы дерттің салдарынан 3,4 мың адам қайтыс болғаны белгілі болды.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, Ресей Федерациясында коронавирустың алты жаңа дерегі тіркелген. Вирус жұқтырғандардың барлығы Италиядан келген екен.

Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб өкілдерінің сөзінше, олардың барлығы Ресей азаматтары.

Еске сала кетейік еліміздің вирусолог-дәрігері коронавирустан қорғану бойынша бірқатар кеңес берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1844367-koronavirus-kytajda-3070-adamny-mirin-zalmady/

pixel