Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтаулық жеткіншек көше тазалаушы жандарды қуанту үшін ақша жинаған (видео)

Опубликовано:

10 жастағы Әлижан есімді Ақтау тұрғыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында "Қала жолдары" ЖШС жұмысшыларын қуантты. Жеткіншектің жантебірентерлік әрекетіне желі қолданушылары сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ Лада басылымына сілтеме жасап.

Кадр видеодан
Кадр видеодан: Depositphotos

Ақтаудың жас тұрғыны көше тазалықшыларын 8 наурыз мерекесімен құттықтағын сәтін өзінің Instagram-дағы парақшасында бөліскен.

Әлижанның сөзінше, оған құттықтау жайлы кеңесті анасы беріпті.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары жасөспірімнің игі ісіне қолдау білдіріп, осындай бала тәрбилеген ата-анасына алғысын айтып, жылы лебізін жазған.

"Міне, нағыз-джентльмен. Ол өзінің тапқан ақшасына гүл алып, бір сәтке болса да нәзік жандыларды қуантуда", "Осындай қыздар мен ұлдарды тәрбилеп жатқан ата-аналар барда біз жетпейтін асу жоқ", деп жазуда көпшілік.

Кәсіпкер болып табылатын желі қолданушысы Әлижанның өзі еңбектеніп, гүлге ақша жинағанын атап өткен.

Ол үшін жеткіншек қаладағы кафелердің бірінің иесінен мекемелеріне ішінде сағызы бар автомат қоюға рұқсат сұраған екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда қайыр тілеп тұрған адамға ақша берген қыз баланың әрекетіне көпшіліктің сүйсінгенін жазған едік.

Жантебірентерлік оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844372-aktaulyk-zetkinsek-kse-tazalausy-zandardy-kuantu-sin-aksa-zinagan-video/

pixel