RU

Украинада ер адам тоғыз күн бойы өңешіндегі пышақпан жүрген (фото)

Украинаның Запорож облысында ер адам 9 күн бойы өңешіндегі пышақпен жүрген. Ол тоғыз күн өткеннен кейін ғана дәрігерлер көмегіне жүгінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, Каменка-Днепровская қаласының тұрғыны дәрігерлерге 9 күн бойы тамағының ауырғанын айтып, жұтынудың қиындағанын және қан түкіріп жүргеніне шағымданады.

Ақ халаттылар рентген жасап, онда ер адамның өңешінде ас үй пышағы тұрғанын көреді. Ал ол болса, пышақтың қалай өңеште тұрғанын түсіндіре алмаған.

Ер азаматтың жағдайының күрт нашарлап кетуін болжаған дәрігерлер оны облыстық орталыққа жөнелтпеуді жөн көріп, шұғыл ота жасауға кіріскен.

Ал көмекке Запорожьеден дәрігерлер өздері келген.

Операцияны барлығы 15 дәрігер жасаған. Алайда, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Отадан кейін оның жағдай нашарлап, біраз уақыттан кейін ер адам көз жұмған.

Аталмыш пышақтың ұзындығы 23 сантиметрге жуық (егер темекі қорабының ұзындығы 9 см деп есептегенде).

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Еске сала кетейік, бұған дейін франциялық дәрігерлер басында арбалеттің жебесі тұрып қалған ер адамды аман алып қалғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1844374-ukrainada-er-adam-togyz-kn-bojy-esindegi-pysakpan-zrgen-foto.html