Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір круиздік лайнер карантинге жабылды

Опубликовано:

Калифорния жағалуында карантиге жабылған Grand Princess круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырудың 20-дан аса жағдайы тіркелді. Бұған дейін инфекция алдыңғы рейстегі бір жолаушыдан анықталғаны белгілі болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Лайнер Grand Princess. Фото: cruisegid.ru
Лайнер Grand Princess. Фото: cruisegid.ru: UGC

Алып кеме АҚШ-тың батысында Калифорния жағалауында сәрсенбідегі түннен бері тұр.

Елдің вице-президенті Майк Пенстің мәліметінше, 46 жолаушы коронавирусқа қарсы тексерістен өтуге міндеттелген. Нәтижесінде 21 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен деп жазады РИА Новости.

Компания-операторның хабарлауынша кемеде қазір 3 533 адам бар. Олардың - 2 422-і лайнер жолаушылары болса, 1 111-і 54 елден келген экипаж мүшесі.

Айта кетейік, Grand Princess круиздік лайнері, осыған дейін Жапонияда карантинге жабылған Diamond Princes лайнері де Carnival деп аталатын бір компанияға тиесілі.

21 ақпан күні Grand Princess Мексикадан оралып, тезірек Гавайға аттанбақ болған. Алайда алдыңғы рейстегі жолаушыдан коронавирус анықталғанан кейін, кеме тоқтатылып, Калифорния жағалауында карантиге жабылған болатын.

Соңғы деректерге сүйенсек, өткен тәулікте Қытайда коронавирустан 28 адам көз жұмған. Осылайша елде қатерлі дерттен қайтыс болған жалпы адам саны 3070-ке жеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844384-tagy-bir-kruizdik-lajner-karantinge-zabyldy/

pixel