Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елден қашып кеткен Дубай әмірінің әйелі бұл әрекетін түсіндірді

Опубликовано:

Жұбайы әрі Дубай әмірі Мохаммед бин Рашидтан балаларын алып қашып кеткен ханшайым Хайя бұған не себеп болғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Шейх Мохаммед пен Хайя ханшайым. Фото: vintage.kz
Шейх Мохаммед пен Хайя ханшайым. Фото: vintage.kz: Depositphotos

Хайяның шетелдік БАҚ-қа хабарлауынша күйуі 11 жастағы қыздарын Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мохаммед бен Салманға тұрмысқа беруді жоспарлапты. Осы себеп ханшайымның елден қашуына түрткі болыпты.

Алайда Мохаммед бин Рашид бұрынғы әйелінің сөзін жоққа шығарған. Дубай әмірінің сөзінше, оның бірде-бір баласы мұндай ерте жаста некеге тұрмаған.

"Ешқандай мәжбүрлі неке болған емес. Бұл тіпті, осындай жаста әкенің қызына жасайтын әрекеті емес", - дейді Дубай әмірі.

Еске сала кетейік, өткен жылы ханшайым Хайяның балалары мен 40 млн долларды алып жұбайынан қашып кеткені хабарланған. Ол кезде әйел адам Германияда 11 жастағы қызымен және 7 жастағы ұлымен жасырынып отыр деп болжам жасалған. Тіпті оның сол елден пана сұрағаны айтылған.

Болжам бойынша ол оққағардан Мохаммед бин Рашидтің қызы Латифаның тағдыры жайлы естіген соң өзінің қауіпсіздігі үшін сақтанса керек.

Латифа 2018 жылы мемлекеттен қашып кетуге тырысқан, алайда оны ұстап алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844391-40-mln-dollarmen-kasyp-ketken-dubaj-mirini-jeli-bl-reketin-tsindirdi/

pixel