RU

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Еліміздің тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Фото Ақорда мұрағатынан
Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Фото Ақорда мұрағатынан: Depositphotos

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасқан.

Аталған келіссөздер барысында "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылған болатын.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылаған.

Әңгіме соңында тараптар биылғы Қазақстан мен Ресей саяси байланыстарының жоғары белсенділігін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Елбасының 6 наурызда Қазақстанға келген Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездескені хабарланған.

Кездесуде тұңғыш президент Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастың деңгейі жоғары екенін атап өткен.

Өз кезегінде Медведев мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1844397-nazarbaev-putinmen-telefon-arkyly-sjlesti.html